Шымкентте бетперде режимін сақтау талабы алынып тасталды. Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығы алаңында өткен брифингте Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова мәлімдеді.«Мегаполистегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 28 наурыздағы №9 қаулысына сәйкес қаладағы шектеу шаралары жеңілдетілді.Үй-жайларда бетперде режимін сақтау талабы алынып тасталды. Алайда медициналық ұйымдарға, қылмыстық-түзеу мекемелеріне барғанда және үй карантині жағдайында бетпердені кию міндетті» -деді спикер.Спикердің сөзінше, осы жылдың 5-ші ақпанынан бастап қала «жасыл» аймақта. Өткен тәулікте 2 жағдай тіркелген (симптоммен – 1 (50,0%), симптомсыз – 1 (50,0%). Қарым-қатынаста болған 2 адам медициналық бақылауға алынған. Айта кетейік, оқушылар мен студенттер арасында КВИ 30%-дан жоғары тіркелмеген.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы