Облыс әкімі Д.Сатыбалдының тапсырмасы бойынша, Сайрам ауданы аумағында адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы ортаны қалыптастыру, ауыл тұрғындарының бірлігі мен ынтымағын арттыру және өскелең ұрпақтың тәрбиесіне оң әсер ету мақсатында «Үлгілі ауыл» байқауы қолға алынған болатын. Осы орайда, Сайрам ауданында «Үлгілі ауыл» конкурсына лайық елдімекенді анықтау мақсатында комиссия отырысы өтті.
Жиынды комиссия төрагасы М.Оразалиев ашты. Басқосу барысында ауыл округі әкімдіктерінің «Үлгілі ауыл» конкурстық номинациясына катысушыларды ұсынылған таныстырылымдарымен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Н.Абілдаевқа таныстырды. Ол өз сөзінде байқауға қатысуға ұсынымдар (өтінімдер) дәлелді құжаттармен және ауыл туралы бейнероликпен бірге қабылданатынын ескертіп, конкурска қатысу ушін, 8 ауыл округі әкімдіктерінің ұсынылған мәліметтерін комиссияның қарауына ұсынды.
Айта кетейік, қатысушы ауылдар бірнеше критерийлер бойынша бағаланды. Атап айтқанда, ауылдың көгалдандыру көрсеткіші, абаттандырылуы, тазалығы, экологиялық жағдайы, инфрақұрылым, туризмді дамыту, ауылда тіркелген қылмыстық істер, меценаттар есебінен салынып, жөнделген нысандардың саны, демографиялық көрсеткіш, тұрғындардың жұмыссыздық деңгейі сынды салалар сарапқа түсті.
Комиссия мүшелері таныстырылымдармен танысып, талқылай келе «Үлгілі ауыл» номинациясы бойынша Ақбұлақ ауылы жеңімпаз атанды. Мен өз ауылымды мақтан етемін.