Байқау!

Түркістан облысының Әділет департаменті «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жобасы аясында БАҚ-та әділет органдарының қызметі туралы үздік жарияланым конкурсын жариялайды.Конкурсты өткізуідің негізгі мақсаты — Әділет департаментінің ағымдағы жылғы атқарылған жұмыстарына сәйкес жағымды пікір қалыптастыра отырып әділет органдарының қызметін жариялау болып табылады.Осыған байланысты, бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілеріне аталмыш байқауға қатысуға шақырамыз.Конкурс шарттары төмендегі тәртіп бойынша өткізіледі:

Әділет департаментінің ағымдағы жылғы жұмысына қатысты 3 қараша-15 қарашаға дейінгі аралықтағы мерзімде мақала шығару;

шығарылған мақаланың көшірмесін Әділет департаментіне мәлімет үшін жолдау (электрондық пошта арқылы medinabais@mail.ru)Немесе:

Түркістан облысының Әділет департаменті жайлы жағымды бейнеролик немесе сюжет түсіріп дайындап инстаграмдағы парақшасына жүктеу;

Бейнероликтің немесе сюжеттің сипаттамасында @turkestan_justice аккаунтын белгілеу;❗️Жеңімпаз анықталғанға дейін парақша ашық болуы керек.Конкурс қорытындысы бойынша 2 жүлделі орын номинациялар бойынша беріледі.- Ең үздік бейнеролик немесе сюжет;-Ең үздік мақалаӘділет департаментінде конкурс комиссияларының қатысуымен бейнеролик(сюжет) пен мақалалар іріктеліп ең үздік мақала және бейнеролик таңдалады. Нәтижесінде үздік мақала және үздік бейнеролик иелері мақтау грамотасымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады. Қосымша сұрақтар бойынша: тел: 8702 855 55 11 Барлық БАҚ өкілдерін байқауға қатысуға шақырамыз. Сәттілік!

Тұркістан облысының Әділет департаменті