Құқық бұзушылықтың алдын алу — мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық меншік нысанындағы ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық — мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген.
Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталағының «Арнайы пәндер» циклінің оқытушысы полиция майоры А.Манажанова оқытудың практикалық бағыттылығын дамыту мақсатында «Кәсіби даярлық» пәнінен №4 «Әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі және құрамы. Әкімшілік жауапкершілікпен оның негізі» атты тақырыпқа тәжірибе сабағын өткізді.
Сабақтың мақсаты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу негіздері мен тәртібін практикалық тұрғыдан пысықтау.
Әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу ІІО-ның негізгі міндеттерінің бірі болғандықтан, бүгінгі тақырыпты талапқа сай жүзеге асыру үшін ІІО қызметін реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілерге аса назар аударылды. «ІІО туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 бөлігінің 8 тармағында белгіленгендей, ІІО өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру міндеті жүктелгені сабақ барысында тыңдаушыларға жеткізілді.
Сабақ соңында тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтар жауаптар беріліп, тыңдаушылардың сабақ барысындағы берген жауаптары мен толтырған құжат үлгілері бойынша еңбектері бағаланды.
Ntime.kz