Түркістан еңбек мобильділігі орталығының директоры Абзал Дәулетәліұлы кезекті іссапарында Шардара аудандық Мансап орталығының атқарылып жатқан жұмыстарын тыңдап, өзекті мәселелерді зерделеді. Зерделеу жұмыстары барысында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған 1, 2 лектің қағидалары сақталуы бойынша кемшіліктер анықталып, мансап орталығының директорына тиісті тапсырмалар берді.
Жиын барысында Абзал Дәулетәліұлы 2024 жылдың 2 қыркүйегінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауда айтылған міндеттемелерге тоқталды. Сондай-ақ, Президентіміз биылғы жолдауда әлеуметтік жағдайды жақсартуға баса назарға аудару қажет екенін айтқан болатын. Әлеуметтік жағдайға баса назар аудару, халықтың әл ауқатын жақсартуға ықпал етеді деді.
Сонымен қатар, ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту керек екендігі айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оның көріністеріне қарсы тұру және жол бермеу шараларын тұрақты орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Индикатордың орындалуын жүзеге асыру бойынша аудан тұрғындарын тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналасуына және субсидияланған жұмыс орындарының атқарылуын қадағалауды тапсырды. Еске сала кетейік, Шардара ауданы бойынша жыл басында жоспарға сәйкес тұрақты жұмыс орны 1455; әлеуметтік жұмыс орыны 190; жастар практикасы 350; қоғамдық жұмыс орыны 670; күміс жас 105; алғашқы жұмыс орны 90 болып бекітілген.
Кездесу соңында, Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары жыл соңына дейін жалғасатындығы ескертілді.