Шардаралық кәсіпкер кондитер өнімдерінен айына 1 млн теңге табыс табады

Бүгінде Шардара ауданында мемлекеттік қолдаулардың арқасында азаматтар жаңа кәсіп ашып, табысын арттыруда. Мәселен «Бастау-Бизнес» жобасы аясында кәсібін бастағандардың қатарында Шолпан Нышан бар. Ол осыдан үш жыл бұрын 583 400 теңге қайтарымсыз грант алып, үй жағдайында нан өнімдерін пісіріп саудаға шығарған.

Сонымен қатар, ол жуырда кәсібін дамыту мақсатында 2,5 пайызбен 5 миллион теңге қаржы алып, «Шолпан тәттілері» атты кондитерлік дүкенін ашқан. Қазіргі таңда ол 5 000-100 000 теңге аралығындағы 50 түрлі торт пісіреді. Айына 1 млн теңгеге дейін табыс табатын кәсіпкер екі адамды жұмыспен қамтып отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі