Тәуелсіздік мерекесі қарсаңыда Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» КММ-нің жанынан Шымкент қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында және «Кедергісіз келешек» жобасына сәйкес орталықта жаңа үшінші бағытта қызмет көрсететін «Аялы алақан» мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығы ашылды. Орталықтың салтанатты ашылуына қалалық мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Бектаева және жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова қатысты.Аталмыш орталық басқармаға қарасты «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» КММ ішінен ашылып отыр. Онда тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық ауытқуы бар 18 жасқа дейінгі балаларға толық стационарлық жағдайда әлеуметтік, тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық, құқықтық қызмет түрлері көрсетіледі. «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» КММ-де «Қызмет» салалық кәсіподағының құрамына кіретін бастауыш кәсіподақ ұйымы бар, оның кәсіподақ комитетінің төрайымы болып Әсел Маратқызы Балабекова белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінгі күнде кәсіподақ мүшелерінің саны 200-ден асады. Бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай, «Әлеуметтік қызметкерлер — халық қамқоршысы» атты іс-шарасын өткізді.Іс-шараны орталыққа жаңадан директор болып келген білікті де, тәжірибелі басшы Бекболат Амалбекұлы Салтаев алғы сөз сөйлеп, алғашқы құттықтау сөзді «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңесінің мүшесі Серік Елемесұлы Әуесхановқа берді.С.Әуесханов өз сөзінде Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекетіміздің жеткен жетістіктеріне тоқталып өтіп, бірқатар кәсіподақ белсенділеріне наградалар табыстады.Атап айтқанда, орталықтың меңгерушілері Ақнұр Бахытжанқызы Қуанышбекова, Әсел Жұмабайқызы Төлегенова, Назгүл Ілиясқызы Қадырова филиалдың «Құрмет грамоталарымен» және орталықтың әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттары Шолпан Бейбітқызы Сейдирова, Гаухар Жақсылыққызы Мұсаева, Гүлназия Сапарбекқызы Қаңлыбаева филиалдың «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы