Әл-Фараби аудандық сотында қасақана ауыр дәрежедегі мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық санатына жататын қылмыстық құқық бұзушылық бойынша лауазымды тұлғаларға сот үкім шықты.
21.09.2022 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотында «Е», «А», «Е.С.» және «К» есімді азаматтарға қатысты ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі — 366-бабы 3-бөлігі 2,3-тармақтарымен 368-бабы 1-бөлігімен, 24-бабы 3-бөлігі-367-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қылмыстық іс қаралды.
Басты сот талқылауында жоғарыда аталған азаматтар ҚР Қаржы Министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде және Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде лауазымды тұлға бола тұра, ҚР «Мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзып, өздерінің қызмет баптарын жеке бас пайдалары үшін пайдаланып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара берушінің пайдасына қызметтік өкілеттіктеріне кіретін іс-әрекеттерді жасап, ірі мөлшерде пара алуға оқталып, өздерінің қылмыстық іс-әрекеттерін өздеріне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізе алмай, қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттерін жасаған.
Анықталғандай, сотталушылар лауазымды тұлға бола тұра пара алушы мен пара берушінің арасындағы пара алу мен пара беру туралы келісімге қол жеткізіп, яғни парақорлыққа делдал болып, лауазымды адамға делдал арқылы ірі мөлшерде жалпы 10 млн. теңгеден асатын сыйақы сұрап, барлығы қылмыс орнында құрықталған.
Сотта сотталушылардың кінәлары толық өз дәлелін тауып, сот 2 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасына тағайындады.
Осы ретте қала тұрғындарының назарына «мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық санатына жататын қылмыстық құқық бұзушылық» үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын жеткіземіз.
Сыбайлас жемқорлыққа жол бермейік.
Ntime.kz