Отбасылық  жанжалдар бойынша 5000-ға жуық шақырту келген

Қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі- тұрмыстық зорлық-зомбылық жайты. Оған түрлі жағдайлар себеп болады. Бірақ көбінесе, ішкілікке салынған ер адам отбасындағы өзінен әлсіздерге күш көрсетіп, шаңырақтың берекесін алады. Ағымдағы жылдың 11 ай ішінде «102» арнасы арқылы отбасылық жанжалдар бойынша 4830 шақырту келіп түскен;

         — 1182 азаматша арыз-шағым жазудан бастартқан;          — 4141 тұлғаға «Қорғау нұсқамасы» шығарылды;          — Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 106 азамат сот арқылы әкімшілік          жауапкершілікке тартылды;          — Жалпы 710 тұлғаға қатысты әкімшілік іс сотқа жолданды;          — 175 жайсыз отбасы есепке алынды;          — Тұрмыста жасалған құқық бұзушылықтар өткен жылмен салыстырғанда 4,3 пайызға төмендеді.          Сондай-ақ, жыл басынан бері «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы, «Зорлық-зомбылықсыз отбасы», «Отбасындағы зорлық-зомбылықты тоқтатамыз» атты акциялар өткізілді.          Қазіргі таңда, 25-қараша мен 10-желтоқсан аралығында республика көлемінде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өткізілуде. Біздің мақсат- тұрмыстағы құқық теңдігін қамтамасыз ету. Күштінің әлсізге зәбір көрсетуіне жол бермеу. Сондай-ақ, әйелдер мен балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары Шымкентте құқық бұзушылыққа бейім 35 жасөспірім мен 23 отбасы есепке алынды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау, алдын-алу және себеп салдарын анықтау мақсатында үшінші мегаполисте үздіксіз рейдтік жұмыстар жүргізіледі. Оның ішінде, «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы үнемі оң нәтиже көрсетеді. Өйткені, өткізілген рейд жұмыстары түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген жасөспірімдерді, ойын-сауық орталығында болғандарды, кәмелет жасқа толмағандарға сприттік өнімдер мен темекі сатқан сауда нүктелерін және қоғамдық тыныштықты бұзған балаларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Шымкентте қараша айында, түнгі уақытта жасөпірімдердің болуына жол берген 12 ойын-сауық мекемесі анықталды. Бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған 2 ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылды. Кәмелет жасына толмағандарға темекі және алкоголь өнімдерін сатудың 4 жайты анықталды. Түнгі уақытта ойын-сауық орталықтарында болған 17 жасөспірім жауапкершілікке тартылды. Тағы, 208 баланың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерлерде болғаны анықталды. Сондай-ақ, ата-анасының бақылауынсыз жүрген 33 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылып, құқық бұзушылыққа жақын 35 бала мен 23 отбасы полицияның есебіне алынды. Өз кезегінде департамент бастығы Қайрат Дәлбеков ата-аналарды бала тәрбиесіне баса назар аударуға шақырды.          « Әлеуметтік желілер мен ойын-сауық орталықтарының бала өміріне зияны көп. Бұл, жасөспірімнің заңға қайшы әрекеттерге бейім болуына әкеліп соқтырады. Сондықтан, балаларыңыздың қайда, кіммен, қай уақытта жүргеніне және қандай желілерді қолданатынына назар аударыңыздар. Бала тәрбиесіндегі міндеттерді орындамағаны үшін де жауапкершілік қарастырылғанын ескертемін!»-деді генерал Қ.Дәлбеков.