№2 оқушылар сарайы алғашқы оқушыларын қабылдады

Шымкент қаласы №2 оқушылар сарайы бүгін алғашқы оқушыларын қабылдап, үйірмелер жұмысын бастады. Үйірмелер 6 бағыт бойынша жұмыс істейді. Спорт және сауықтыру бағыты бойынша – 609, ғылыми-техникалық бағытта – 108, гуманитарлық және жастар қозғалысы бағытында – 132, өнер және музыкалық бағытта –128, көркем-эстетикалық бағытта – 66 оқушы қабылданды. Жалпы құжаты дұрыс болмай, өтініші қанағаттандырылмағандар саны – 1043.

Соның ішінде алтыншы психологиялық дайындық бағыты әлі ашылып үлгермеді. Өтініш берушілердің 125-і қабылданбады. Дәл қазіргі уақытта https://mindal-shymkent.e-orda.kz/kz/statement/step-1 сайтына 200-ден аса өтініш түскен.

Бүгіннен бастап тағы 15 үйірме сайтқа енгізілуде. Ол гитара, қуыршақ театры, саксофон, флейта, таеквандо, шахмат, асық ату, волейбол, компьютерлік сынып, экология, гидропоника, бағдарлама жасау, сенсорикалық кабинет, дефектолог, фото-бейне өңдеу үйірмелері.

Спорт және сауықтыру бойынша 15 үйірме жұмыс істеп тұр. Таэеквандо, шахмат, еркін күрес, тоғызқұмалақ, грек-рим, каратэ-до, бассейн, дзюдо, үстел теннисі, футбол, асық ату, волейболл, кикбоксинг, фитнес-зал. Ғылыми-техникалық бағыт бойынша 11 үйірме бар. Оның ішінде нақты жұмыс істеп тұрғаны – 6 (физика, биотехнология, кипавтоматика, дизайн және 3Д модельдеу, робототехника. lego құрылысы, химия.

Гуманитарлық және жастар қозғалысы бағыты бойынша 5 үйірме, журналистика, шешендік өнер, (ораторлық өнер – қазақ және орыс тілдерінде), журналистика қазақ және орыс тілдерінде, ағылшын тілі (лингвистика), дебат клубы оқушылармен жұмысты бастап кетті.

Өнер және музыкалық бағыт бойынша 8, домбыра, хореография, фортепиано, жетіген, қылқобыз, вокал, драма театр режиссері, скрипка үйірмелері жұмыс істейді.

Көркем-эстетикалық бағыт бойынша 3, ағаш өңдеу технологиясы, бейнелеу өнері, қыш өнері, қолөнер үйірмелері жұмысын бастады.