«Сергек» орнатқалы жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақат алушылар саны 41% азайған

Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі басты назарда. Аталған мәселе бойынша Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Өтебеав Елнұр төрағалығымен жиын өтті. Жалпы «Сергек» орнатқалы жол-көлік оқиғалары салдарынан жарақат алушылар саны 41% азайды. 2020 жылы өңір республика бойынша жол апатынан қаза тапқандар саны бойынша 2-ші орында болған. Бүгінде бұл көрсеткіш төмендеген.

         Аталған жиынға, Түркістан облысы полиция департаментінің Жедел басқару орталығы басшысы Сәбит Бақтығалиев, Полиция департаментінің техникалық қызмет басқармасының басшысы Буташов Дмитрий, Түркістан қаласы әкімі аппаратының цифрландыру бөлімінің басшысы Абдихадиров Әшірхан, «Көркем Телеком» ЖШС директоры Саттаров Абзал және «Транстелком» ЖШС құрылыс бөлімінің басшысы Наталиев Болат қатысты.

         Кеңесте Түркістан қаласында қылмыстар көптеп орын алатын аймақтарды бейнебақылау камераларымен қамту арқылы, қала аумағында бейнебақылау камераларының санын арттыру мәселесі талқыланды.

Заманауи технологияның тиімділігі сол. Бейнебақылау – бұлтартпас айғақ. Сондықтан бейнебақылау орнатылған орындарда ұсақ-түйек қылмыс кездес­пейді. Өткен жылдың сәйкес кезе­ңімен салыстырғанда қоғамдық орындардағы қылмыс азайған. Бейнебақылау камералары тек қаланың ішін емес, шет аймақтарды да қамтиды. Қалаға ауылдардан келетін кіреберіс жолдар түгел бақылауға алынатын болады.

Жаңа оқу жылының басталуына орай, балалардың қауіпсіздігіне бағытталған жұмыстар қолға алынды. Білім беретін ұйымдар мен балабақшаларға жақын көшелерге көлік қозғалысының жылдамдығы 40 км/сағ дейін шектейтін жол белгілері орнатылды. Соған  сәйкес жол белгілері де сызылды. Мұндай орындардың бәрі «Сергек» сурет және бейне жазу жүйелерінің назарында болады. бұл бейнебақылау камералары тәулік бойы жұмыс істейді. Ереже бұзып, камераға түсіп қалған көлік иелерінің дерегі Ахуалдық орталыққа өңделу үшін жіберіледі. Бұған дейін жоба тестілік кезеңнен өтті. Біз бұл бастаманы жүзеге асыра отырып, «Smart City» технологиясын енгізу арқылы киелі шаһар тұрғындары мен қонақтарының өмірін қауіпсіз етуді көздейді. Айыппұл мәселесіне келсек, төлеудің түрлі тәсілдері қарастырылды. Атап айтқанда, қолма-қол ақшаны екінші деңгейлі банктер немесе «Қазпошта», Kaspi және QIWI кошелек терминалдары арқылы , сонымен қатар банк картасымен egov.kz порталында тіркелу негізінде  онлайн-төлем жасауға болады және HandyPay, MyPay мобильдік қосымшаларын пайдаланған тиімді.

Қаланың қауіпсіздік деңгейін көтеруді, қоғамдық орындар мен көшедегі құқық бұзушылықтың алдын алуды көздейтін бұл жобаның жаңалығы көп. Камералар  көліктің нөмірлік белгілерін, жылдамдық режимін, сонымен қатар, көлік иелерінің тоқтау белгісі мен автобус жолақтарын қиып өтуін жылдам анықтауға мүмкіндік береді. 

Ntime.kz