Түркістанда аяқ киімге есірткі затын салып, шекарадан өтпек болған шетелдік ұсталды

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне «Жібек жолы» шекара бекетінде есірткі контрабандасы бойынша күдікті ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай, аталған шекара бекетінен өту кезінде, Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына қарай өтіп бара жаткан орта жастағы ер азаматқа «Пайк» атты қызметтік ит үріп белгі берген. Содан шекарашылар бірден жедел тергеу тобын шақырады. Сарыағаштық тәжірибелі полицейлерден құралған жедел уәкілдер ер адамның Өзбекстан Республикасының азаматы екенін анықтады.Сонымен қатар полицейлер күдіктіні тінту кезінде оның жолсөмкесіндегі аяқ киімінің ішінен есірткі тектес затты тәркілеп алды. Алынған зат сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттың 2 грамға жуық «марихуана» екені расталды.Аталған дерек ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Қазіргі таңда шетел азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде күдікті қамауда.Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертеді. Сонымен қатар тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын заңдарды сақтауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

ТО ПД баспасөз қызметі