«109 — бірыңғай байланыс орталығы» -тұрғындарға тәулік бойы онлайн қызмет көрсетеді

Түркістан қаласында «109 — бірыңғай байланыс орталығы» арнайы семинар өткізді. Семинарда облыстық әкімдіктің қызметкерлеріне орталық жұмысынының тиімділігі мен орындалу барысы түсіндірілді.

Тәулік бойы тұрғындардың шағымын қабылдайтын, заманауи техникалармен жабдықталған. Аталмыш орталық #АшықӘкімдік#ХалықтықӘкімдік тұжырымдамаларына сай іске асқан. 2020 жылдың 20 қарашасынан бастап іске қосылған жүйеде қазіргі таңда 158043 өтініш қабылданып, шешімін тапқан болатын.

Аталған жүйе қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігін азайту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қарқынды жұмыс атқаруда.

         Айта кетейік, жыл басынан бері 2 421 өтінім түсті. Ал 2 247 өтінім орындалса, қалған 66 өтінім бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Сондай-ақ, алдағы уақытта 109 байланыс орталығы қызметін облыстық деңгейде кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Бұл өз кезегінде облыс бойынша барлық қоңыраулар бір орталыққа түсіп, өңделеді.

Ntime.kz