Еңбектері еленген жандар

Жас ұрпаққа Отан сүйгіштік пен патриоттық тәрбие беруде мектеп ұстаздары мен студент жастарының үлесі көп. Осы ретте «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандос Шайдулланың ұйымдастыруымен Түркістан қаласында осы салада елеулі еңбек етіп жүрген ұстаздар мен ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттау шарасына арнай келген «Түркістан облысы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тұрғанбек Бегимов мерейлі жиында «Қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің» төрайымы Диана Турманова мен «Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің» директоры Дильбар Дийметованың елеулі істеріне тоқталып, ұстаздарға ауған соғыс ардагерлеріне қамқорлық пен қолдау көрсеткендері үшін «Ауғанстан ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Алтын жүрек» медалімен марапаттап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Өз кезегінде марапат иелері өздерінің еңбегі мен қоғамдық қызметтеріне құрмет көрсеткендері үшін алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Басқосу соңы естелік суретке түсумен өз жалғасын тапты.