Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №150 жалпы орта білім беретін мектебінде 28.02.2025ж 2-4 сыныптар арасында«Әкем, анам және мен» атты отбасылық эстафеталық сайыс өткізілді.
Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ -ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата-ана шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан бала өмірінде Әке мен ананың рөлі орасан зор.
Спорттық сайыс жарысын ұйымдастыру арқылы ата — аналарды мектеп өміріне араластыру. Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Жас ұрпаққа және ата — аналарға денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүруге қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Спортқа деген қызығушылығын арттыру, отбасының үндестікті және балалардың икемділігін, шапшаңдылығын, достыққа тәрбиелеу.
Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге жұмыла төтеп берді.
Жарыс қорытындысы бойынша 1- орын иегері Ермековтар әулетінен құралған «Жалын» тобы 326 ұпаймен алға шықты. Ал 2-орынды Орынбаевтар әулеті «Сұңқар» тобы 308 ұпаймен жеңіп алды.
3-орынға Досжановтар әулеті «Қыран» тобы 280 ұпаймен жетті. Өмірзақовтар әулеті мен Жанаевтар әулеті «Гауһартас» құрама тобы 206 ұпаймен белсене қатысқаны үшін марапатталды.
150 жалпы орта білім мектебінде отбасылық эстафеталық сайыс өтті
