Ақпараттық орталық қызметкерлері марапатталды

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Ақпараттық-коммуникациялық орталығы» КММ-де бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесіп, Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекесімен құттықтап, ел экономикасының өсуі мен әлеуметтік жағдайының жақсаруына, кәсіподақ қозғалысының дамуына үлес қосқан бірқатар қызметкерлерін филиалдың наградаларымен марапаттады.Атап айтқанда, «Еңбек озаты» төс белгісімен Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Ақпараттық-коммуникациялық орталығы» КММ талдау және болжау бөлімінің басшысы Жаринов Владимир Викторович, «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Ақпараттық-коммуникациялық орталығы» КММ әлеуметтік желілерге мониторинг бөлімінің басшысы Сүйеубекова Айнұр Құттыбайқызы және «Алғыс хатпен» Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Ақпараттық-коммуникациялық орталығы» КММ әлеуметтік желілерге мониторинг бөлімінің бас маманы Бейсембаева Сара Таңатқызы марапатталды.

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы