Бүгінде Түркістан облысы аумағында 838 ауылдық елді мекен бар. Аудан, қала әкімдіктерінің талдау және анализдеу ақпараты нәтижелері бойынша 642 елді мекендегі 1 753 012 тұрғын сапалы интернетпен қамтылған, бұл – жалпы облыстың 73,7 пайызы. Онда 441129 оқушы 3G және 4G мобильді желісімен қамтамасыз етілген, 123 ауылдық елді мекенде 63 мыңға жуық оқушы 2G мобильді желісімен қамтамасыз етілген. Бұл туралы облыс әкімі аппаратының апталық отырысында белгілі болды.
Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Е.Өтебаевтің айтуынша,
биыл 152 ауылдық елді мекенді сапалы интернетпен қамту жоспарланып, оның 51 ауылда жаңа базалық станция іске қосылды. Қалған 101 елді мекен жыл соңына дейін интернетпен қамтылады.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтің тапсырмасымен барлық білім беру ұйымдарындағы бейне бақылау камераларын полиция органдарының жедел басқару орталығына шығару тапсырмасы түскен. Осы ретте өңірдегі 943 мектептің 563-і облыстық Полиция департаментінің ЖБО шығарылды. Бұл 60% құрайды. Жоспар бойынша техникалық мүмкіндігі бар жалпы 750-ге жуық мектепті ЖБО шығару жоспарланып отыр.
Жиын соңында Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аймақта ғаламтор мен байланыстың сапасын арттыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Ntime.kz