Биылдан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына еніп, баспанамен қамтылуда мемлекеттік қолдауға ие болады. Мемлекеттік жастар саясаты жөнінде қабылданған заң бірнеше жаңа нормаларды қамтиды.
Бағдарламаға қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Жұмыс істейтін және 35 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматы болса;
өтініш берушінің ай сайынғы табысы 40 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) тен кем емес болуы (соңғы 6 ай ішіндегі);
тұрғылықты мекен-жайы Шымкент қаласында үш жыл болуы;
иеліктерінде соңғы 5 жылда ҚР аумағында тұрғын үй тіркелмеуі.
Шымкент қаласында әзірге жастар бағдарламасы басталған жоқ. Бұл бойынша алдын ала БАҚ-та және әлеуметтік желіде хабарландыру жарияланатын болады.