«Дамумед» медициналық ақпараттық жүйесі — Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының жемісі

Түркістандықтар үйден шықпай-ақ медициналық сараптаманың қорытындысына қол жеткізіп, дәрігерден кеңес алып отыр. Сонымен қатар, соңғы уақытта облыс орталығының тұрғындары медициналық мекемелерге электронды түрде кезекке тұрып, сол арқылы өз дәрігерін үйге шақыруда. Мұның барлығы елдегі «. Айтып өтейік, бүгінде қаладағы емханалардың жұмысы 100 пайыз электронды жүйеге көшкен.

Медициналық ұйымдар ішінара қағазсыз құжат айналымына толығымен ауыстырылды. Қазіргі таңда облыс тұрғындарының электрондық паспорты түгелімен қамтылып және дәрігердің қабылдауына алдын-ала жазылу, дәрігерді үйге шақыру электронды түрде атқарылуда. Қазіргі заман талабына сай медициналық ұйымдарға сандық рентгендер, эксперттік УДЗ, видеоэноскопиялық тірек аппараттары сатып алынып, күрделі оталар жасауға оң ықпалын тигізуде. Медициналық ұйымдарға сандық медициналық ақпараттарды, бейнелерді өңдеу, сақтау және беру бойынша 7 медициналық ұйым PACS жүйесіне қосылған және PACS жүйесіне енгізу жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылы ИВЛ (ӨЖЖ – өкпені жасанды желдету аппараты) аппараттарының саны 178-ден 368-ге дейін артты. «Жедел жәрдем» қызметі паркі 122 автокөлікпен толығып, 96% жаңартылып отыр. Сонымен қатар, 12 жылжымалы медициналық кешен жиынтығы сатып алынып, аудандарды қамтамасыз ету көрсеткіші 100%-ды құрады. Атап айтқанда, Түркістан облысына 12 жылжымалы медициналық кешен жеткізілді. Нәтижесінде 3 «КамАЗ» және 12 автобус түріндегі жылжымалы медициналық кешен профилактикалық медициналық тексерулер мен скринингтер жүргізу мақсатында жұмыс жүргізуде. Медициналық бекеттері жоқ, орталықтардан өте шалғай орналасқан елді мекен тұрғындарын жылжымалы медициналық кешендердің қызметтерімен қамту жұмыстары ұйымдастырылуда. Бұл тұрғыда Түркістан облысының шалғайдағы ауыл халқын қамтамасыз ету көрсеткіші қазір 100 пайызды құрайды. Облыстағы жедел жәрдем автокөліктерінің саны ғана көбейген жоқ, шақыртуларға шығатын бригадалар саны да артты. Жедел жәрдем қызметі халыққа қолжетімді болды. Жоғары технологиялық медициналық қызметті тиімді ету мақсатында Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында орналасқан медициналық ұйымдармен тығыз байланыс орнатылған.

2021 жылы 18 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар «Ауыл- ел бесігі» аясында жалпы сомасы 1,5 млрд.теңгеге 11 медициналық пункттердің салыну жоспарлануда. Қалалық және аудандық деңгейдегі медициналық ұйымдар 100% интернетке қол жетімді, цифрландырумен толық қамтамасыз етілген. Облыста «Дамумед», «Көмек» медициналық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Жедел жәрдем паркі көліктері 96,0% жаңартылған. 2021 жылы жалпы 525 техника, оның ішінде 34 дана вакцина сақтауға тоңазытқыш, анестезиология және реанимация бөлімшелерін жарақтандыру мақсатында 392 дана және ана мен бала бөліміне 96 дана медициналық техника одан бөлек, офтолмологиялық операцияға арналған 2 дана микроскоп қондырғысы сатып алынды.
Қалалық және аудандық деңгейдегі медициналық ұйымдар 100 пайыз интернетке қосылған. Барлығына қолжетімді, цифрландырумен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта облыста «Дамумед» медициналық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.

Ntime.kz