Құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбы бойынша жиналыс болды

Құқық бұзушылықтың алдын алу — мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық меншік нысанындағы ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және күшейтуге бағытталған құқықтық, әлеуметтік, экономикалық ұйымдастырушылық іс-шаралар болып табылады. Қоғамдағы қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы күресуі бағытындағы жаңа жүктемелерді толығырақ таныстыру құқық қорғау органдарының міндеті .

05.10.2022 жылы Түркістан қаласы » С.Ерубаев атындағы №7мектеп- интернатында»   7-10 сынып ата- аналарымен құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбы бойынша жиналыс болды. Жиналысқа Түркістан қаласы прокуратура қызметкері Б.Жумабай,мектеп инспекторы Н.Нуршилов,Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Г.Байдүйсенова қатысты. Жиналыста педагог- психолог Г.Тәжіқожа ата аналарға «Буллинг,Кибербуллинг туралы» баяндама жасап, жасөспірімдер арасындағы зорлық- зомбылық,әлеуметтік желі,тик- ток т.б қорқыту,бопсалау туралы фактілерден мысалдар келтіріп,түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Прокуратура қызметкері Б.Жумабай ата- аналарға кездесуге келгендері үшін алғысын білдіріп,қалада сабақ басталғалы 1ай көлемінде жасөспірімдер арасында қылмыстың көбейгенін,балалардың үйінен кетіп қалуы,ұсақ бұзақылық,түнгі сағат 11.00ден кейін көшеде,ойынханаларда жүруі т.б жағдайлар орын алғандары туралы айтып,балалаыңызды қадағалап,тікелей бала тәрбиесіне жауапты екендіктерін айтып өтті.Мектеп инспекторы Н.Нуршилов жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдаланып,ата- аналарды ұстаздармен бірігіп жұмыс жүргізуге шақырды.Ата-аналар келген қонақтарға сұрақтарын қойып, пікір алмасты.Мектеп директоры Ә.Ш.Өтекей жиналысқа келген қонақтарға алғысын білдіріп, қорытынды жасады.

Ntime.kz