Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің барлық аймақтарынлда қарқынды. Сыбайлас жемқорлық – ғасыр дерті. Сондықтан да мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп, өркендеуіне тосқауыл қоятын сыбайластықпен күрес ешқашан назардан тыс қалған емес. Жемқорлықты жоюда, парақорлыққа жол бермеуде әр мемлекеттің қолданатын әдіс-амалы әртүрлі. Оның бірі қатаң жаза тағайындау арқылы кеселдің тамырына балта шабуды көздесе, келесі бірі заң арқылы жегіқұртқа тыйым салуға тырысуда. Ал Қазақстан үлгі еткен Сингапур, Швейцария, Нидерланды сияқты өркениетті елдерде сыбайлас жемқорлықпен күрес өзгеше. Бұл елдерде мемлекеттік қызметтерді барынша ашық етіп, азаматтардың парақорлыққа қарсы санасын қалыптастыруға басымдық берілген. Біздің елімізде 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң қолданысқа енгізілді. Бұл заң мемлекеттің ілгерілеуіне кедергі келтіретін кемшіліктердің алдын алуымен құнды. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықпен күреске бүкіл елді жұмылдыру міндеті қойылды. Өйткені, кеселді тек мемлекеттік құрылымдардың күшімен ауыздықтау мүмкін емес. Мұны уақыттың өзі көрсетті. Осыған орай, әрбір құрылым сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың жүйелі жоспарын жасады.
Жастар –еліміздің болашағы. Қазіргі жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру өте маңызды. Ол үшін олардың бойында құқықтық сауаттылықты арттыру керек. Жемқорлыққа қарсы құқықтық санасы мен мәдениеті қалыптасқан адам оған жол бермейді.
Осы орайда, Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жастармен еркін форматта жиын өтті.
Жиынға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы, құқық магистрі Жазира Альжанова және Шымкент қаласы дін істері басқармамсы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Жұмаділлә Бексұлтан және Индустриалды-техникалық колледжі студенттері мен ұстаздары қатысты.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, пара ұсынылған жағдайда жасалуы тиіс іс-әрекеттер қадамы, әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдар көлемі айтылды. Лауазымды тұлғалар тарапынан ақша қаражатын бопсалау, жымқыру, өкілеттілігін асыра пайдалануға тап болған кез келген азамат 14 24 колл-орталығына хабарласа алады.