70 жыл бұрын салынған ғимарат

Шымкентте құтқарушылар өз қызметін 70 жыл бұрын салынған ғимаратта атқарады. 2020 жылдың сәуір айында сарапшылар қорытынды жасаған еді – Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №3 өрт сөндіру бөлімінің архитектуралық құрылысы бұзылуға жатады.

Бұл ғимараттың 1938 жылдан басталатын үлкен тарихы бар. Дәл сол кезде учаске бөлінген болатын. Содан кейін мұнда тәуелсіз әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі пайда болды. 80-ші жылдары бұл қаланың өртке қарсы қызметінің орталық пункті болды.

Бүгінде №3 өрт сөндіру бөлімінде 62 қызметкер қызмет атқарады. Тозығы жеткен ескі сәулет ғимараты қала тұрғындарына жақсы қызмет етті. Бұл өрт сөндіру бөлімі қаланың орталық бөлігін қорғауға ыңғайлы.

Сондықтан жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау кезінде бұл ерекшелік бірінші орында болды. Бүгін қала әкімінің орынбасары Мақсұт Пернебайұлы Исаховтың басшылығымен және Шымкент қаласы ТЖ департаменті, құрылыс басқармасы басшылығының және құрылыс компанияларының өкілдерінің қатысуымен өрт сөндіру бөлімінің аумағында ғимаратты салу мен бұзудың нақты мерзімдері талқыланды.

Бұл тарихи сәт. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ең маңызды мәселелердің бірі – қалалық өрт сөндіру қызметінің материалдық-техникалық базасын жақсартуы шешілді.

Жақында қаладағы ең көне сәулет ғимараттарының бірінің орнында №3 өрт сөндіру бөлімінің жаңа заманауи ғимараты пайда болады, ол барлық нормативтік талаптарға жауап береді.

Шымкент қаласы ТЖ департаменті