Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР-дағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндап, азаматтар мен бизнес үшін карантиндік шаралардың жеңілдетілгені туралы айтты деп хабарлайды ҚР ДСМ Баспасөз орталығы.
Әлемдік рейтингке сәйкес, Қазақстан COVID-19 сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша 107-орында, ал өлім көрсеткіші бойынша 108-орында тұр. 4 мамырдағы жағдай бойынша COVID -19 оң нәтижесімен 330 071 науқас және КВИ-мен 53 093 жағдай тіркелді. Эпидемиологиялық қауіпі жоғары 9 аймақ бар: Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары. Бүгінгі таңда эпидемиологиялық қауіпі орта 5 аймақ бар: Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Алматы, Маңғыстау облыстары. Жасыл аймақта 3 өңір бар — Қостанай, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Соңғы үш апта ішінде сырқаттанушылық динамикасы іс жүзінде бір деңгейде сақталып отыр. Өткен аптада сырқаттанушылықтың 2%-ға төмендегені байқалды, өлім-жітім көрсеткіші өткен апта деңгейінде сақталып отыр», — деді А.Цой.
Сонымен қатар, республика бойынша жұқпалы аурулар төсек-орындары – 42%, реанимациялық төсек-орындар-28% құрайды. Инфекциялық төсектердің жоғары қамтылуы Нұр-Сұлтан қаласында – 60%, Алматы қаласында — 57%, Қызылорда облысында — 59%, Алматы облысында – 56%, реанимациялық төсектердің — Нұр-Сұлтан қаласында және Батыс Қазақстан облысында- 62%, Алматы қаласында — 52% байқалады.
«Бүгінгі таңда ҚР-да вакцинациялау үшін үш вакцина бар – Спутник V, QazVaq, Hayat-Vaх. Шамамен 1,5 миллион азамат немесе вакцинацияланатын халықтың 15% егілді. Вакцинация қарқыны әрбір азаматтың саналы көзқарасына, туған — туысқандары мен жақындарының денсаулығына байланысты дұрыс таңдау жасауға байланысты» екенін айта кету керек, — деді А. Цой.
Сәуір айының соңында өңірлерге вакцинаның 2,3 млн дозасы жеткізілді, жеткізу жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, вакцинация қарқын алуда: 1 сәуірмен салыстырғанда тәулігіне бірінші және екінші дозамен егілгендердің саны 12 есеге, тәулігіне 11 мыңнан 135 мың адамға дейін өсті. Бұл ретте 11 мың медицина қызметкері, 1000-нан астам стационарлық егу пункттері және 400 жылжымалы пункттер жұмылдырылды. Вакцинация пункттері 2 ауысымда 24:00 сағатқа дейін және демалыс күндері жұмыс істейді. Вакцинация науқаны басталғаннан бері Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцинаның шамамен 1,8 млн дозасы пайдаланылды.
«Өңірлердің әкімдері қазір ауыл тұрғындарын вакцинациялауға назар аударуы керек, осы мақсатта жылжымалы медициналық кешендердің мүмкіндіктерін барынша белсенді пайдалану қажет деп ойлаймын», — деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.
Сонымен қатар, Министрлік әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеу критерийлерін қайта қарады, оның ішінде уақыт бойынша бірқатар шектеулерді алып тастау, ашық ауада қызмет ететін нысандар үшін жеңілдіктер, спорттық іс-шаралар өткізу, балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметі.
Критерийлерге жаңа нысандар енгізіліп, олардың қызмет ету тәртібі анықталды: жазғы алаңдар, асханалар, көше тағамдары және т. б. сияқты қоғамдық тамақтану объектілері.
Сонымен, супермаркеттердің, гипермаркеттердің қызыл аймағында уақыт бойынша шектеу алынып тасталды және жексенбіде ашық базарлардың жұмысына рұқсат етілді. Қызыл және сары аймақтардағы діни объектілердің ашық ауада, жабық үй — жайларда ұжымдық іс-шаралар жүргізбестен қызметіне рұқсат етілді, жасыл аймақтағы мейрамхана, кафе және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (үй-жайда) жұмыс уақыты сағ. 07-ден 02.00-ге дейін ұлғайтылды, толтырылуы 50% — ға дейін, бірақ 50 орыннан артық емес.
Критерийлерге қосымша жаңа объектілер енгізілді және олардың қызмет тәртібі анықталды: жазғы алаңдар – қызыл аймақта: толтырылуы 50% — ға дейін сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі; сары аймақта: толтырылуы 50% — ға дейін сағат 07:00-ден 24.00-ге дейін; жасыл аймақта: толтырылуы 50% — ға дейін сағат 07:00-ден 02.00-ге дейін; қызыл аймақтағы асхана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері — сағат 24.00-ге дейін; сары және жасыл аймақтарда- тәулік бойы; ашық ауадағы көше тағамдарының, аттракциондардың қызметіне шектеусіз рұқсат етіледі.
Бұдан басқа, КВИ-ға қарсы вакцинацияланғандар санының біртіндеп артуына байланысты ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы бар адамдар үшін бірқатар шектеулер алынып тасталды. Сонымен, COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсы болған кезде ауруханаға жатқызудың кез-келген түрі үшін, ұйымдасқан ұжымдарға, вахталық қызметкерлерге, демалыстан, іссапардан кейін медицина қызметкерлеріне, ауруға байланысты жұмыс орнында болмаған кезде, медициналық университеттер мен колледждердің студенттеріне және басқа адамдарға ПТР тесті қажет емес. COVID-19 расталған жағдайларымен байланыста болғандар оқшауланбайды, бірақ оларға медициналық бақылау қамтамасыз етіледі; кеңсе ұйымдарының қызметкерлері қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылмайды.