Карантин талаптарын бұзған сауна анықталды

Еңбекші ауданы полиция басқармасының мобильді топтары кәсіпкерлік субъектілердің карантин режимін бұзғанын анықтау және бұл жайттардың жолын кесу бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі. Коронавирустық инфекцияның алдын алу, таралу және жұқтыру қаупіне қарамастан, бірқатар мекемелер карантиндік шектеулерді жүйелі түрде бұзып келеді. 2021 жылдың 26-тамызында түнгі уақытта сағат 01:40-та Еңбекші ауданыны Түркістан көшесін бойында орналасқан «Арман-2» саунасы карантин талаптарына бағынбай, жұмысын жалғастырып жатқаны анықталды. Аталған жайт бойынша, жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды. Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырады.