Келес ауданында биыл жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, ұзындығы 220 шақырым болатын каналдар мен қашыртқы арықтарда механикалық тазалау және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Аталған жұмыстар каналдардың арнасынан тасуының алдын алады. Су арналары қордаланған қоқыстан тазартылып, мың гектарға жуық жер қайта айналымға түсетін болса, 5 мың гектар жерге су өткізу мүмкіндігі жақсарады.
Келес ауданы аграрлық өңір болғандықтан тұрғындардың басым бөлігі ауылшаруашылығы саласымен айналысады. Ал ауылшаруашылығы саласының күре тамыры ағын су жүйелері болып табылады. Бүгінгі таңда Келес өңірінде 145 канал, 147 қашыртықы, үш су бөгеті және 25 млн3 су сыйымдылыққа ие Ақылбексай су қоймасы бар.
Шаруалардың басым бөлігі ағын суды Келес өзені мен магистралы үлкен көрші Өзбекстан елінен бастау алатын Зах су жүйесі, Ашынау каналы, Бозсу су жүйесі, Ақ қойлы, СТК және ВТК каналдарынан алады. Ирригация жүйесінде 2020 жыл басынан аудандық бюджет есебінен ұзындығы 100 шақырымға жететін каналдар мен қашыртқылар тазартылып, 350 га жер қайта айналымға түскен болса, 2,5 мың гектарға жуық жерге су өткізу мүмкіндігі жақсарды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
В келесском районе очистят водоканалы протяженностью 220 км
В Келесском районе в текущем году предусмотрены средства из местного бюджета на проведение работ по механической очистке, текущему ремонту каналов и сбросных канав протяженностью 220 км. Данные работы предотвратят перелив каналов. В случае очистки водоканалов от накопленного мусора, около тысячи гектаров будут введены в оборот, а также улучшится пропускная способность доставки воды к 5 тыс. га.
Поскольку Келесский район является аграрным, большая часть населения заняты в сельскохозяйственной отрасли. Без водопроводных систем развивать сельское хозяйств тяжело. На сегодняшний день в районе насчитывается 145 каналов, 147 сбросных каналов, три водозабора и Акылбексайское водохранилище вместимостью 25 млн. куб. метров воды.
Большая часть крестьян получает поливную воду из реки Келес и водной системы Зах, канала Ашынау, водных систем Бозсу, Ак-койлы и каналов СТК и ВТК. С начала 2020 года за счет средств районного бюджета были очищены каналы и отводы протяженностью 100 км, введено в оборот 350 га, улучшена пропускная способность около 2,5 тыс. га.
Пресс-служба акима Туркестанской области