Су құбырлары жөнделуде

Аудан тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін «Сайрам тазалық» ЖШС мекемесі жөндеу жұмыстарын жүргізуде, неміс өнімінің 5 су сорғышын орнатты. Бұл өз кезегінде ауданда сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі кезең-кезеңмен шешілуде.

Жалпы мекеме ауданның 39 елді мекенінің тұрғындарына ауыз су жеткізумен айналысады. Қазір ауылдық округтер 24 сағат бойы ауыз сумен қамтамасыз етілуде. Анықталған ақауларды 6 адамнан тұратын «Сайрам тазалық» ЖШС ауыз су жүйесіне шұғыл техникалық қызмет көрсету бригадасы уақтылы жүзеге асыруда. Мәселен, таяу күндері Құтарыс, Көлкент, Жібек жолы, Манкент, Ақсукент ауылдарында анықталған ақаулар уақтылы жойылып, тұрғындарға ауыз су берілген.

Айта кетсек, тұрғындарға үздіксіз ауыз су беру жұмыстары алдағы уақытта да жүргізілетін болады, дейді мекеме мамандары.