Жылыту маусымы — бұл ерекше қауіпті кезең, бұл кезде өрттер орташа есеппен 2,5 есе көбейеді, ал олардың басым көпшілігі тұрғын үй секторында орын алады. Сондай-ақ бұл маусымда газ құрылғыларын дұрыс пайдаланбау салдарынан қайғылы жағдайлар орын алып жатады. Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметкерлері ескертеді: Үйде газды пайдалану ережесі: Газ құрылғыларының қалыпты және дұрыс жұмыс істеуін бақылаңыз. Мұржаларды және желдетуді тексеру үшін тек мамандандырылған ұйымды шақырыңыз. Газ пешін қолданар алдында, сорғышты реттейтін жапқыштың толық ашылатынын тексеріп, мезгіл-мезгіл мұржаның қалтасын (саңылау тесіктерін) тазалап тұру керек. Егер үйден ұзақ уақытқа кететін болсаңыз, газ құрылғысындағы барлық шүмекті жабыңыз. Газ құбырлары мен жабдықтарын тексеру және жөндеу үшін газбен жұмыс істейтін қызметкерлерді үйге кіргізіңіз, тек кіргізерден бұрын қызметтік куәліктерін қарап алыңыз. Егер үйден бір айдан астам уақытқа кететін болсаңыз, газ шаруашылығы мекемесіне хабарлауды ұмытпаңыз. Газ жабдығын тек білікті мамандар ғана орнатып, жөндеу керек. Тұрмыстық газдың иісі болмайды. Осындайда желдету жүйесі өте маңызды. Ешқашан, ешбір сылтаумен (жәндік кіріп кетпесін, сәнін бұзып тұр, ыңғайсыз, қолайсыз және т.б.) сорып шығару және желдету құбырларын бітеп жабушы болмаңыздар! Ғимаратта, бөлмеде, үйдің кіре берісінде немесе көшеде газдың иісін сезсеңіз, не істеу керек: Газ жабдықтарыны бәрін өшіріп, бөлмені желдетіңіз. Жақын жерде, маңайыңызда ешкім от, сіріңке жақпасын, өрт немесе электр жарығын қолданбасын (темекі шегуге тыйым салынады, ажыратқыштар мен тұрмыстық техниканы қолдануға тыйым салынады). Газ иісі тарамаған, таза ауада тұрып, «104» қызметіне хабарласыңыз. Газ баллондарын қолдану кезіндегі қауіпсіздік: Газ баллонын сатып алғанда: Баллондағы қосылып тұрған жері саңылаусыз, ауа кірмейтіндей болу керек. Газ баллонын тек арныйы нүктелерден сатып алу керек. Талоны немесе чегі бар болуы тиіс. Фирманың аты және баллон нөмірі жазылған. Паспорттық тақтайшасы болуы тиіс. Тексеру мерзімі өтіп кетпеген болуы тиіс. «Пропан» деген жазуы міндетті түрде болуы керек. Ескерту: кетік жері, жарығы, қампайған жерін көрсеңіз, түтік қақпағына зақым келген болса және сыртындағы бояуы 5% кетіп қалған болса – баллонды ауыстыруды талап етіңіз! Баллон пайдалансаңыз, тамақ істеп болған сайын түтігін жабыңыз!Жоғарыда жазылған қауіпсіздік ережелерін орындап, аман-сау жүріңіз деп тілейміз.
А. Толтаев Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі