Шымкеттік өрт сөндірушілері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді

Шымкент қаласында 9,10 қаңтарда толассыз қар жауып, түрлі келенсіз жағдайлар орын алуда.
10 қаңтарда сағ. 11:28-де Қаратау ауданы, Нұрсат шағын ауданындағы №114 үйдің ауласында жалпы көлемі 252 ш.м. құрайтын екі бастырма құлап, 5 дана автокөлікті басып қалған.
Оқиға орнына Шымкент қ.ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің 7 қызметкері мен 2 техникасы авариялық-құтқару жұмыстарына жұмылдврылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

10 қаңтарда сағ. 11:26-да Тұран ауданы, Сәуле шағын ауданында қарға тығылып қалған «DAF» маркалы жүк автокөлігін тартып шығару жұмыстары жүргізілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Оқиға орнына Шымкент қ.ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің 12 қызметкері мен 4 дана техникасы жұмылдырылды.

10 қаңтарда сағ. 11:26-да Тұран ауданы, Құрсай шағын ауданында қарға тығылып қалған қала аралық №60 бағыттағы автобусты тартып шығару жұмыстары жүргізілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Оқиға орнына Шымкент қ.ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің 12 қызметкері мен 4 дана техникасы
жұмылдырылды.

Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы