Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі жыл сайын өтетін Digital Business Day 2.0 халықаралық форумында IT — индустрия өкілдері үшін өз жетістіктері мен мүмкіндіктерін ұсынды, оның ұйымдастырушылары crowdsale Network атты стартаптар мен инвесторларға арналған платформа және Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығы болды.
Іс-шара аясында NFT-көрмесі, аукцион, нетворкинг және табысты он Қазақстандық IT-жобалар арасындағы дәстүрлі Startup Battle өтті. Жыл сайын Digital Business Day 2.0 IT-кәсіпкерлік саласындағы өзекті трендтерді талқылау үшін цифрлық технологиялар саласындағы жаңашыл қоғамдастықты біріктіру мақсатында өткізіледі.
Форум бір алаңда 500 – ден астам қатысушыны, сондай-ақ қазақстандық қоғамның цифрлық дамуының өзекті мәселелерін талқылау үшін 18 спикерді-IT-кәсіпкерлерді, инвесторларды, әзірлеушілерді және мемлекеттік сектор өкілдерін жинады. Биылғы жылы спикерлер ретінде Эстония Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі — Тоомас Тирс, Блокчейн-технологиялар қауымдастығының Басқарма төрағасы — Сапар Ахметов, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы — Коняшкин Ростислав, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің Бас директоры — Мағжан Мәдиев, Цифрлық Құқық Орталығының Бас директоры -Ермек Рүстембек-ұлы, ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту департаменті Директорының орынбасары — Ерсұлтан Ерманов және т. б.
Өз сөзінде Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің Бас директоры Мағжан Мәдиев IT-кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары және ағымдағы нәтижелер туралы айтып берді:
«Біздің алғашқы KPI стартаптарға 2021 жылға дейін $200 млн жеке инвестиция тартуға көмектесу болды. Өткен жылы бұл KPI орындалды, сондықтан біз жаңа міндет қойдық – IT-компанияларымызға 2025 жылдан бастап жыл сайын $500 млн сомасына IT-қызметтер мен өнімдерді экспорттауға қол жеткізуге көмектесу».
Мағжан Мәдиев технопарк резиденттері бойынша өзекті деректерді де атап өтті:
«Қазіргі уақытта технопарктің қатысушылары 680-нен астам IT – компаниялары, оның ішінде 80-і шетелдік компаниялар. Бүгінгі таңда 14 000-ға жуық адам стартап қызметкерлері болып табылады және 2021 жылы резиденттердің жалпы табысы 166 млрд теңгені құрады».
Сөйлеген сөздің толық нұсқасымен сілтеме арқылы таныса аласыз https://youtu.be/M1P7Opgb_Do.
Astana Hub баспасөз қызметі