Беларусьтік IT-компания Astana Hub қатысушысы атанды

2022 жылдың 11 сәуірінде «PLAVNO» ЖШС Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық технологиялық паркіне қатысушыны тіркеу туралы куәлік алды.

PLAVNO ЖШС 2007 жылы бірнеше техникалық және дизайнерлік командаларды біріктіру жолымен құрылған «abiatec» компаниясының аймақтық офисі болып табылады. Компания веб-сайттарды, интернет-дүкендерді және веб-қосымшаларды әзірлеумен айналысады. Компания клиенттерінің арасында МТБанк, БелВеб Банк, Белгазпромбанк, life:), KIA, Mark Formelle, ФК «Динамо Минск» сияқты компаниялар бар.

Ағымдағы жылдың наурыз айында команда 20 адам құрамында келіп, жергілікті мамандарды жалдап кеңеюге үлгерді. Сонымен қатар, бүгінгі таңда компания келесі бос жұмыс орындарын жариялады: react.js, node.js, Laravel.

Естеріңізге сала кетейік, Astana Hub қатысушысы мәртебесі салық жеңілдіктерін, жеңілдетілген визалық режимді, Astana Hub-тағы барлық іс-шараларға қатысу құқығын және PR қолдауды пайдалануға мүмкіндік береді.

IT-стартаптардың халықаралық технопаркінің қатысушылары туралы ақпаратты келесі сілтемеге өтіп оқуға болады: https://astanahub.com/service/techpark/

«PLAVNO» ЖШС бас директоры Олег Липуновтың сұхбатын оқыңыз https://astanahub.com/article/plavno-ob-adaptatsii-belorusskikh-it-spetsialistov-v-kazakhstane

Astana Hub баспасөз қызметі, PR және маркетинг бөлімінің аға менеджері Алтынгүл Жанабай