Агенттік Төрағасының тапсырмасына сәйкес, халықтың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдары мен ұсыныстарына жедел назар аудару мақсатында «Электронды үкімет» веб-порталы мәселелері бойынша Telegramm мобильді қосымшасындағы «EgovKzBot2.0» бот платформасы арқылы «Уәкілетті органға өтініш» білдіру батырмасы іске қосылған.
Қазіргі таңда, Департаментке қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне шағым, олардың сапасын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бағытында ұсыныстар келіп түсуде.
Мәселен, қала тұрғынының «дәрігердің қабылдауына жазылу» арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет түріне Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға дәрігерге жүгініп, балаларына бірнеше күн бойы жолдама ала алмай жүргенін сондай ақ, балаларына тиісті ем ала алмағанын көрсетіп, аталған платформа арқылы көмекке жүгінді.
Департаменттің араласуымен, медициналық ұйым жүгінушінің өтінішін қабылдап дәрігердің қабылдануына жазылды.
Сонымен қатар, балаларына тиісті емдері тағайындалып, сала дәрігерлеріне жолдамалары берілді.
Айта кетейік, https://t.me/Kenes1414Bot сілтемесі арқылы «EgovKzBot2.0» бот-платформасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болатындығын назарларыңызға жеткіземіз.
«EgovKzBot2.0» платформасына жүгінген азаматшаның құқығы қалпына келтірілді
