Профилактикалық кездесу өткізілді

Жалпы бүгін қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жасөспірімдердің  арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі  болып тұр. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру  өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді.

«Жасөспірім жəне қылмыс» тақырыбы бүгінгі күні маңызды болып саналады. Өкінішке орай кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылықтың арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру -мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқараста тəрбиелеуден айқын көрінеді.

«Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» мақсатында мектептің тәрбие жұмысы жөніңдегі орынбасары Азамат Молдағалиұлының ұйымдастыруымен, Абай ауданы полиция капитаны, учаскелік полиция инспекторы Жүнісов.Е қатысуымен Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №137 жалпы орта білім беретін мектептің 10-11 сыныптың арасында профилактикалық кездесу өткізілді. Кездесу барысында жасөспірімдер арасында кеңінен тараған құқық бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтіріліп, қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жауапкершілік түрлері түсіндірілді

Оқушыларды Ата ана мен ұстаздардың үмітін ақтап, еліміздің өркендеуіне мол үлес қосуға шақырылды. Жастардың еліміздің ертеңі екендігіне, болашақ жастардың қолында екені кеңінен түсіндірілді. Тәрбие орынбасарлары құқық бұзушылыққа жол бермей, мектеп ережесін үнемі жадында ұстанып, өз елінің нағыз патриоттары болуға шақырды. Оларға үлкен сеніммен қарайтындықтарын жеткізді.

Бәрімізге белгілі Жастар қоғамымыздың өзегі болып табылады.

Жаңа ғасырда еліміздің өсуі де, өшуі де осы жастарға тікелей байланысты.

Ежелден «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп бекер айтылмағаны анық. Қазіргі кездегі қоғамдағы құқық бұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады.

Оқушылар тарапынан сауалдар қойылып, тұшымды жауаптар берілді.