Fitness park KZ: бәріне арналған спорт

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ұлттық Дельфий Комитетімен бірлесіп, еліміздің жастары арасында бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды насихаттау және дамыту бойынша «Fitness Park KZ» жобасын іске асыру шеңберінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Солтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарында жаппай онлайн және офлайн жаттығулар өткізді деп хабарлайды ҚР АҚДМ Баспасөз орталығы.

Жоба аясында «Fitness park KZ» бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы мен әдістемесі әзірленді. Спортпен шұғылдану үшін онлайн режимде 10 түрлі шеберлік бейне-жазбалары ұсынылған.

Көрсетілген сілтеме бойынша https://youtube.com/channel/UCBMOKqukrjaQ_wI_1fuP1Rg күш пен функционалды жаттығулар туралы аталмыш бейне-жазбаны көре аласыз.

Олардың арқасында қатысушылар аэробика, плиметрика, кардио, фукционалдық, күштік және жауынгерлік спорт түрлері бойынша жаттығулар кешенін меңгере алады, сондай-ақ күнделікті негізде спортпен айналысуға талпыныс алады.

Ағымдағы жылдың соңына дейін еліміздің барлық өңірлерінде бұқаралық спорттық іс-шаралар жоспарланған. Жастар арасында бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды насихаттау жөніндегі іс-шаралар келесі жылы да іске асырылатын болады.