Арыстық әжелер спорт түрлерінен сайысты

Арыстық ақжаулықты әжелер бұқаралық спортты дамытуда жастарға үлгі көрсетті деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Апалар волейбол, арқан тарту, қол күресі, дойбы, шекем тас ойындары бойынша сайысты. Арыс қаласында «Ұлыстың Ұлы күні әз Наурыз» атты спорттық іс-шара өтті. Жеңімпаз әжелер медальдар мен кубок, және арнайы алғыс хаттар алды.
Ерекше шараға қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімі, ардагерлер ұйымы мен үкіметтік емес ұйым өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты. Волейболдан Арыс қаласының «Ақ әжелер» командасы ешкімге дес бермей, жеңіс тұғырынан көрінді. Күміс алқаны Ақдала ауылдық округінің «Айпара Ана» командасының апалары жеңіп алды. 3-орын Монтайтастық «Үкілім-ай» әжелер командасына бұйырды.
Арқан тарту сайысынан Монтайтастан келген әжелерге ешкім тең келген жоқ. Аталған сайыста Арыс қаласының әжелері 2-орынды, Ақдала әжелері 3-орынды иемденді. 
Ал ұлттық ойын түрі — шекем тас ойыннан сайысқа түскендерден Арыс қаласының тұрғыны Мадина Шахапова алтыннан алқа тақты. 2-орынды Ақдала ауылдық оркугінен келген Ажар Әтишова, қола медальді Байырқұм ауылынан Ұлтуар Мәуленова ұтып алды.    
Сонымен қатар, қол күресі  байқауынан 1-орын Айымкөз Қарабасоваға (Арыс қаласы) бұйырса, 2-орын Бибайша Таласоваға (Жиделі) табысталды. 3-орын Күлаш Қарынбаеваға (Ақдала) берілді.
Ал дойбы ойыннан Арыс қаласынан Арафа Мұсалиеваның мерейі үстем болса, ақдалалық Индира Киізбаева жүлделі екінші орынды қанжығасына байлады. Үшінші орын Монтайтас ауылының намысын қорғаған Рыскүл Аманбековаға бұйырды. Салтанатты жиынға қатысқан ақсақалдар мен әжелер іс-шараны жоғары деңгейде өткізген ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Арысские бабушки соревновались в различных видах спорта

«В здоровом теле – здоровый дух». Достопочтенные бабушки Туркестанской области подают пример молодежи и в развитии массового спорта передает пресс-служба акима Туркестанской области.

В честь праздника Наурыз отдел спорта и физической культуры города Арыс в целях пропаганды здорового образа жизни провёл среди бабушек спортивное мероприятие «Ұлыстың Ұлы күні әз Наурыз».

Праздничные соревнования включали игру в волейбол, перетягивание каната, армрестлинг, шашки, шекем тас среди бабушек из города и сельских округов. По итогам праздничных стартов участницам вручили медали, кубки и благодарственные письма.

В соревнованиях по волейболу 1 место заняла команда «Ақ әжелер» города Арыс, 2 место – команда «Айпара Ана» сельского округа Акдала, 3 место – команда бабушек «Үкілім-ай» из сельского округа Монтайтас.

Кроме того, в перетягивании каната никто не смог одолеть бабушек из Монтайтаса. Участницы из Арыси заняли 2 место, из Акдалы – 3 место.

В соревнованиях по национальной игре шекем тас 1 место заняла Мадина Шахапова из города Арыс, 2 место – Ажар Атишова из сельского оркуга Акдала, 3 место – Ултуар Мауленова из села Байыркум.

Вместе с тем, в состязании по армрестлингу 1 место заняла Айымкоз Карабасова из города Арыс, 2 место – Бибайша Таласова из сельского округа Жидели, 3 место присуждено Куляш Карынбаевой из сельского округа Акдала.

В соревнованиях по шашкам победу одержала Арафа Мусалиева из города Арыс, второе место заняла Индира Киизбаева из Акдалы. Третье место досталось Рыскуль Аманбековой, которая защищала честь села Монтайтас. Аксакалы и участницы торжественного мероприятия поблагодарили организаторов и дали свои благословения.