“Shymkent-baspana.kz” порталы ашықтықпен қамтамасыз етіліп, толығымен автоматтандырылған

“Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25» бағыты бойынша жеңілдетілген несиелік тұрғын үйлерге өтінімдер қабылдайтын «Shymkent-baspana.kz» сайты ашықтықпен қамтамасыз етіліп, толығымен автоматтандырылған. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз брифингінде Ғалымжан Утенбаев мәлімдеді.- “Қазіргі таңда осы 7-20-25 бағдарламасы аясында көптеген қаңғу сөздер мен теріс пікірлер айтылып жүргендігі жасырын емес. Қала тұрғындарын сабыр сақтап, мұндай дәлелсіз шындыққа жанаспайтын жалған ақпараттарға сенбеуге шақырамын. Себебі конкурс толығымен автоматтандырылған портал арқылы жүргізілуде. Тұрғындарға түсіндірмелік жұмыстар жүргізу мақсатында Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасында бұл бойынша азаматтарды қабылдау өткіздік. “7-20-25” несиелік бағдарламасына қатысты азаматтар тарапынан қойылған сауалдарға сала мамандарымен Заң аясында тиісті түсіндірмелік ақпараттар берілді. Өтінім беруші азаматтар әр қайсысы жекелей қатысу кезектілік ретін көруге мүмкіндік алды. Сонымен қатар аталған азаматтар тарапынан жазбаша түрде өтініштер қабылданып, ресми тіркеуге алынды. Жазбаша келіп түскен өтінімдер басқарма мамандарымен қарауға алынып, Заң аясында тиісті ресми жауап жолданатын болады”,- деді басқарма басшысы Ғалымжан Әмірбекұлы. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында аталған несиелік бағдарламаға өтінімдер қабылдауға автоматтандырылған Shymkent-baspana.kz порталы қолданылуда. Азаматтардың өтінімдеріне сәйкес пәтерлерді бөлуді аталған портал автоматты түрде өзі жүзеге асырады. Бұл орайда ешқандай адами фактор әсер ете алмайды. Бағдарламаға өтінім берушілерге өтінім берген уақыты және кезек реттілігін көруге қолжетімділік қарастырылған. Сондай ақ аталған порталдың толығымен автоматтандырылу жұмыстары цифрландыру басқармасымен жүзеге асырылған. Конкурсқа қатысқан жалпы азаматтардың тізімі Shymkent-baspana.kz порталында жарияланды.​Ағымдағы жылы 7-20-25 бағдарламасы бойынша азаматтарды баспанамен қамту жұмыстарына сәйкес алдағы уақытта қосымша конкурс өткізу жоспарлануда.

Шымкент тұрғын үй басқармасы