Түркістан облысының Әділет департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бекітілген құқықтық ағарту саласын жетілдіру тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 16 қыркүйек күні «Street Law» қозғалысын дамыту шеңберінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 3 курс студенттерімен кездесу өткізді. Шараның негізгі мақсаты — жастар арасындағы құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және құқықтық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.Бүгінде білім ордасының жастары Департамент қызметкерлерімен бірлесе халыққа және жастарға тегін құқықтық көмек көрсете отырып, құқықтық сауаттылықты арттыратын, Заң саласының практикалық аспектілерін меңгеруге бағытталған оқу процесін қамтамасыз етуде.Жастардың құқықтық белсендiлiгi жоғары болуы үшiн жалпы азаматтық қоғам өз деңгейiне көтерiлуге тиiс. Жастар өз құқығын бiлмейiнше белсендi бола алмайды. Сондықтан да, бүгінде қоғамда құқықтық сауаттылықты арттыруға көбiрек көңiл бөлінуде. Ал құқықтық мәдениет қалыптастыру – бүгiнгi күннің өзектi мәселесі.Айта кету керек, «Street Law» бөлімі халық арасында, әсіресе азаматтардың күнделікті өмірінде және жастар арасында адам құқығын қорғауға бағытталған арнайы жоба.
Түркістан облысының Әділет департаменті