Жасөспірімдермен әрдайым профилақтикалық іс-шаралар жүргізу

Қалалық прокуратура мен Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің, қалалық ішкі істер басқармасының келісімімен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша Әл-Фараби мектебінде 11 қазан күні сағат 15.00-де кездесу болып өтті.

Түркістан қаласы Прокуратурасының аға прокуроры Құрманбаева Жаңыл ата-аналар мен оқушыларға келеңсіз жағдайларды болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдердің арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу. Біз өз тарапымыздан жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты азайту үшін ата-аналармен, жасөспірімдермен әрдайым профилақтикалық іс-шаралар жүргізіп отырамыз. Сонымен қатар Түркістан қаласының полиция басқармасының аға лейтенанты Өндірбаев Еркебұлан қала бойынша жасөспірімдер арасында алдын алу жұмыстары көптеп жүргізіліп жатқандағын айтып өтті.

Мектебімізде оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізу мақсатында «Әкелер мектебі», «Аналар кеңесі» ата-аналар қауымдастығының жұмыстары жүргізіліп жатқанын мектептің тәрбие ісі орынбасары Р.Байшораева атап айтты. Қорытынды сөзді мектеп директоры Талғат Бегасилов бала тәрбиесі әрбір отбасының міндеті екенін ата-аналар жиналысында баса айтып, баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыруда мектеп мұғалімдері мен ата-аналарды бірлесуге шақырды.