Yandex Qazaqstan атынан Қар барысы қазақстандық пайдаланушыларды Жаңа жылмен құттықтайды

Қар барысы

Yandex Qazaqstan Жаңа жыл қарсаңында Яндекс Іздеудің басты бетінде қар барысын немесе Барсикті орналастырды. Анимациялық аң қазақстандықтарды мерекемен құттықтайды. Ол үшін барыстың суретіне шертіп жіберу жеткілікті — барыс пайдаланушыларды келер жылы қандай жақсылық күтіп тұрғанын айтады.

Пайдаланушылар мерекелік аңды көру үшін Яндекс Іздеуге  «Барсиктің Жаңа жылмен құттықтауы» немесе «жаңа жылға жорамал» деп теруі керек. Yandex Qazaqstan мерекелік барысты 2024 жылғы 27 желтоқсаннан 2025 жылғы 4 қаңтарға дейінгі аралықта көрсетеді.

Осы күзден бастап қазақстадық пайдаланушылар анимацияланған қар барысын Яндекс Іздеудің күн райына қатысты жауаптарынан көре алады. Жаңа жыл қарасаңында қар барысының нұсқасы өзгерді  — енді оның қолында шырша ойыншығы немесе мерекелік салют болады. Мерекелік барыс Яндекс Карталарда да — навигация курсоры түрінде болады. Ол үшін баптауларға кіріп, сары нұсқағыш орнына барысты таңдау керек.