Яндекс Қазақстан мобильді Браузерде және Яндекс қолданбада Алисаны қазақша сөйлетті

Алиса қазақ тілін түсініп және сөйлей бастады — бұл компанияның қазақ тілді виртуалды көмекшісінің дамуына алғашқы қадам. Ол қызықтырған сұраққа жауап тауып, ауа-райын айтып немесе жай ғана әңгімелесе алады. Алисамен қазақша кез келген қолданушы сөйлесе алады —мобильді Яндекс Браузерге немесе Яндекс қолданбаға  кіріп, көмекшінің интерфейсінен тілді таңдасаңыз жеткілікті. Болашақта ол екі тілде қатар сөйлесе алатын болады.

 Алиса қазақша қызықты дерек айтып бере алады. Мысалы, оған: «Алиса, Хан Тәңірінің биіктігі қандай?» («Алиса, какая высота Хан-Тенгри?») деген сұрақ қоюға болады. Астанада не көруге болады деген сұрақ қойсаңыз — іздеу нәтижелерінен қызықты жерлердің нұсқаларын көрсетеді. Виртуалды көмекші қазіргі ауа-райы қандай немесе демалысқа болжамды ауа-райын айтып береді. Одан бөлек, енді Алисамен жәй ғана қазақша сөйлесіп және одан, мысалы, тамақ ішкенді ұнататынын немесе қай ақынды жақсы көретінін сұрауға болады. Бұдан әрі Яндекс Қазақстан виртуалды көмекшінің ұлттық тілді қолдану сценарилерін көбейтуді жоспарлап отыр.

 Алиса қазақша түсініп және сапалы жауап бере алуы үшін, қазақ тілде сөйлейтіндер мен кәсіби редакторлар дайындаған үлкен көлемді деректермен: соның ішінде қолмен аударылған мыңдаған сұхбаттар мен жүздеген сағат аудиожазбалармен дайындалған.

Бұдан бұрын компания Браузерде және Алиса бар Яндекс қолданбада бейнені қазақшаға аударуды қосты. Сондай-ақ ұлттық тілде компанияның басқа да сервистері қол жетімді — Іздеу, Такси, Тамақ, Жеткізу және Карталар.

Madina Mussayeva