Аlempay картасы қоғамдық көліктерде қолжетімді

Аlempay

Түркістан қаласында қоғамдық көліктерді пайдаланушылар үшін жаңашыл жүйе енгізілді. Енді қаладағы барлық қоғамдық көліктерде AlemPay карталарын пайдалану мүмкіндігі бар. Бұл карталар жол жүруді жеңілдетіп қана қоймай, тұрғындарға уақыт үнемдеуге де көмектеседі.

Жаңа картаның негізгі артықшылығы – оқушыларға арналған жеңілдіктер. AlemPay картасы  арқылы оқушылар тек 35 теңге төлеу арқылы жол жүреді. Бұл қадам оқушылардың қала ішінде тасымалдау қызметін қолжетімді етуге бағытталған. Сонымен қатар, ересектерге арналған карталар да қолжетімді, олардың құны 500 теңге. Ересектер картаны сатып алып, оны қала бойынша барлық қоғамдық көліктерде қолдана алады.

AlemPay карталарын  сатып алу үшін тұрғындарға Ерубаев көшесі, 356 мекенжайында орналасқан арнайы орталыққа бару қажет. Бұл жерде карталарды сатып алуға және толықтыруға болады. Қала тұрғындары картаны  онлайн түрде де толықтыру мүмкіндігіне  ие. Яғни, үйден шықпай-ақ, телефон арқылы карталарыңыздың балансын оңай әрі жылдам толтыруға болады. Бұл ыңғайлылық әсіресе іскер адамдар мен мектеп оқушылары үшін тиімді.

AlemPay карталарының енгізілуі қала тұрғындарының қоғамдық көліктерді пайдалануын айтарлықтай жеңілдетеді. Бұған дейінгі қолма-қол ақшамен төлеу әдісі ұзақ уақыт кетіп, кейбір қиындықтар туғызып келген болатын. Енді карта арқылы төлеу әлдеқайда жылдам әрі ыңғайлы. Сонымен қатар, қоғамдық көліктерде электронды төлем жүйесі арқылы жолақы төлеу тәртібі енгізілгендіктен, бұл жүйе қауіпсіздікті де арттырады.

Жүйенің басты артықшылықтарының бірі – тұрғындардың қоғамдық көліктерде төлем жасауын жеңілдету, жол жүрудің ыңғайлы әрі жылдам болуын қамтамасыз ету. Бұл жүйе тек көлік қозғалысын реттейтін механизм ғана емес, қала тұрғындарының сапалы қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр.

Қоғамдық көліктерде жол жүру үшін  AlemPay картасы  арқылы төлем жасауды сұраймыз. Бұл жүйе қалада тасымалдау қызметінің сапасын арттырып, жүрудің барынша ыңғайлы болуына жағдай жасайды. Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін бұл жаңалық – тасымалдау қызметін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Қала әкімдігі жаңа жүйе арқылы көлік қозғалысындағы тәртіпті арттыруды, жол жүру үдерісін жеңілдетуді және қоғамдық көліктердің тиімділігін арттыруды мақсат етеді.  AlemPay картасы  арқасында қалада жол жүру одан әрі ыңғайлы әрі заманауи болмақ.