Үнпарақтар беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Бүгінгі таңда  отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі қоғамда орын алып жатқан түрлі жайттар қоғамды алаңдатпай қоймайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға  қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті. Көбінесе, әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болып табылады. Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі – моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық жұмыстар жасалуда. Қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Бұл тұрғыда отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтарға қарсы тиімді шаралар үлкен рөл атқарады», — деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында.

«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акция аясында бүгін Түркістан қалалық полиция басқармасының ЖПҚ ӘЗЗҚ тобының инспекторы Әселхан Амантайқызы шаһардағы “Бірлік” секторының тұрғындарымен кездесу өткізіп, үнпарақтар беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, қоғамдық көліктер, аялдамаларда, қоғамдық орындар мен әлеуметтік желілерде адам өмірі мен денсаулығына зақым келуден қорғау мүмкіндіктері және колл-орталықтары мен отбасын қолдау орталықтары туралы ақпараттар орналастырылды.

Акцияның мақсаты-азаматтарды отбасылық-тұрмыстық негіздегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және қайталануының алдын алу шаралары туралы түсіндіруге белсенді қатыстыру.  Зорлық-зомбылық дерегі туралы шұғыл түрде Полиция департаментінің «102» телефон нөміріне хабарласыңыз немесе жазбаша арызбен жүгініңіз.