Шымкент қаласы аумағында 2021 жылдың 16-22-тамыз аралығында автокөлік құралдарын ұрлау мен айдап әкетуге қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған «Автокөлік» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі. Шымкент қаласының полиция қызметкерлері қолданыстағы заңнамаға сәйкес, гараж кооперативтерінде, жеке автошеберханаларда, ТҚС, автотұрақтарда, автокөлік базарларында ұрланған автокөлік пен қосалқы бөлшектерді анықтау бойынша тексерулер ұйымдастырады. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары өз көліктерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін көлік құралдарының иелері арасында алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі таңда «Автокөлік» жедел-профилактикалық іс шарасының үш күндік қорытындысы бойынша автокөлік ұрлаудың 12 жайты анықталды.