Түркістан облысы Әділет департаментінің бас маманы Үрмия Құлымбет қалалық, аудандық мәслихат депутаттарына Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексінің талаптары бойынша дәріс өтті.
Мақсаты–тыңдаушыларға Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің ережелерін іс жүзінде қолдануы бойынша кәсіби құзіреттіліктерін дамыту болып табылады.
Кодекс жария-құқықтық дау кезінде мемлекеттік құрылымдар мен қарапайым азаматтардың теңдей мүмкіндікке ие болуын қамтамасыз етумен қатар, мемлекеттік басқару аясындағы заңнамаға қатысты мәселелерді шешуге бағытталған.
Жария-құқықтық қатынастар деп–бұл мемлекеттік басқару саласындағы мемлекет пен азаматтар арасындағы билік және бағыну қатынастары айтылады.
Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»- тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Кодекстің талаптарына сәйкес арыз-шағымдарды тиімді басқару тәртібі түсіндірілді.
Түркістан облысы Әділет департаменті