Пробация есебінде тұрған азаматтарға жұмыс берушіге  5 млн. теңге қайтарымсыз грант беріледі

азаматтарға

Бүгінде елімізде 4,5 млн адам атаулы әлеуметтік көмек алады екен. Басым көпшілігі еңбекке жарамды азаматтар. Аталған азаматтардың кәсіп ашуына, жағдайын түзеуіне мемлекеттен қандай көмек берілуде?
Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Үсен Исаев бүгінге дейін кәсіпкерлерге 5 млн. теңгеге дейін мемлекеттік гранттар беріліп келгенін, бірақ биылдан бастап өзгерістер енгізілетінін айтты. Бұдан былай әлеуметтік кәсіпкерлік реестріне енгізілген кәсіпкер ғана мемлекеттік гранттың қатысушысы бола алады.
Бұл өз кезегінде кәсіпкерлерге мотивация береді. Негізгі талабы реестрге ену үшін халықтың осал тобына жататын азаматтардың кемінде 50 пайызын жұмыспен қамтуы тиіс. Мысалы, жұмыссыз жүрген азаматтарды, мүгедектер, жалғызбасты ана, көпбалалы ана, пробация қызметінің есебінде тұрған және бұрын сотты болған азаматтарға жұмыс беру үшін кәсіпкерлерге қайтарымсыз негізде 5 млн. теңге беріледі. Одан бөлек, реестрге енген кәсіпкерлер салықтың кейбір түрлерінен босатылады. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу конкурсында және жеңілдетілген несиелер алуда артықшылық соларға беріледі. Айталық, банктер кәсіпкерлердің бірінші кезекте төлем қабілетін, жылдық табысын, мүлкін тексереді. Биыл Ұлттық экономика министрлігі жаңа бағдарлама бекітті. Яғни, 20 млн. теңгеге дейін 8 пайызбен 3 жылға кепіл жетіспеген жағдайда мемлекет кәсіпкерлер үшін кепіл бола алады.

Сарапшылар басқосуында Шымкент қаласы білім басқармасы мамандарының мәліметіне сүйенсек,  білім саласында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына қандай көмек көрсетіліп жатыр.
Әлеуметтік көмек мемлекеттік білім беру тапсырысына орналастыру арқылы да жүргізіледі. Балабақшаларда қазіргі таңда 50 мыңнан астам, колледждерде жыл сайын 11 250 орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырады. Айталық, 2023 жылы әлеуметтік осал топтан шыққан 1588 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Бұл жан басына шаққанда күнкөріс деңгейі төмен атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардың балаларына бөлінген болатын. Ал 1-4 сынып оқушылары ыстық тамақпен толықтай қамтамасыз етілген. Колледждерде кейбір студенттер оқу ақысы, стипендия, тегін тамақпен қамтамасыз етілген.