«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Білім беру мен денсаулық сақтау» және «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі аймақтық кеңестерінің бірлескен отырысы өтті. Жиынды қалалық филиал Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева ашып, жүргізді.
Мәжілістің күн тәртібінде қаралған мәселелер келесідей:
1. «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты қалалық сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасындағы қалалық білім беру саласындағы «Инклюзия» бағытының дамуы.
2. Мемлекет басшысы «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін» қамтамасыз етуге бағытталған зорлық-зомбылық бойынша қабылданған заңға түсіндірме жұмыстарымен және қаладағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы.
Жиын барысында Жол картасындағы қалалық білім беру саласындағы «Инклюзия» бағытының орындалуы барысы туралы баяндау үшін сөз Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты «Ерекше қажеттілігі бар балаларды қорғау» орталығының директоры Жанна Утесинованың баяндамасы тыңдалды. Сондай-ақ, әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігі бойынша қабылданған заңға түсіндірме жұмыстары және қаладағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызмет басқармасы әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Жаңыл Спанова баяндады.
Бірлескен кеңес отырысына кеңес мүшелерімен қатар, мемлекеттік мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, партия филиалының жауапты қызметкерлері және партия белсенділері, кәсіподақ белсенділері қатысып, күн тәртібінде қаралған мәселелер қызу талқыланды.