Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған кездесу өтті

Сыбайлас жемқорлық — үлкен қасірет. Сондықтан онымен жалпы болып күресу қажет.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте  бақылауды күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды жетілдіру, мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг жүргізу, көлеңкелі экономикаға тосқауыл қоюды  қарастырып, күшейту керек. Сонымен қатар, қоғамда жемқорлыққа төзімсіздік мәдениетін және білім мен тәрбиенің барлық деңгейінде жемқорлыққа қарсы дағды моделін қалыптастыру маңызды. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттыру керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.

Бүгін №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Жазира Әлжанова ата-аналармен кездесу өткізді. Басқосуда еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында Департамент атқарған жұмыстар түсіндірілді. Сонымен қатар, іс-шара барысында Ж.Әлжанова өңірдегі әлеуметтік маңызы бар проблемалар негізге алынып, әзірленген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын түсіндіріп, маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез-келген азамат Департаментке немесе 1424 нөмірі бойынша CaII-орталыққа хабарласу қажеттігі хабарланды. Сондай-ақ, ата-аналарға сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарламалар үшін азаматтарды көтермелеуге қатысты шаралар туралы толыққанды ақпарат ұсынылды.