Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасына сай Түркістан облысының барлық аудан мен қалалардағы кәріз жүйелері тексерілуде.
Ашық жатқан құдықтан қауіп көп. Учаскелік полиция инспекторлары өз аймағында орналасқан тұрғын үйлердің кәріз құдығын мұқият тексеріп, қақпағы бар-жоғын анықтауға кірісті. Талапқа сай болмаса үй иесіне ескерту жасалады. Ал жол бойындағы кәріз жүйесіндегі ақаулық туралы ақпаратты әкімдікке жолдайды.
Рейд кезінде темір қабылдайтын орындарды тексеріп шықты. Ұрланған қақпақтарды сатып алғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Құрметті тұрғындар, егерде ашық тұрған ауызсу құбырлары мен кәріз жүйелерін байқасаңыз, балалар мен жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін жақын тұрған полицияға пунктіне немесе учаскелік полиция инспекторыңызға хабар беруіңізді сұраймыз.