Түркістан облысында полицияның сервистік модельге көшуі аясында консультативті-кеңесші органның кеңесі өтті

Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында ПД-нің жанындағы консультативті-кеңесші органның кеңесі өткізілді. Іс-шараға ТО ПД бастығының орынбасары Бағлан Халықов, Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Сәкен Хандиллаев, Түркістан қаласының құрметті азаматы Баймахан Сүлейменов, БАҚ-ның өкілдері мен Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев қатысты. Жиынға ҚР ІІМ Құрметті ардагері Есалы Нұржанов төрағалық етті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Оның біріншісі, ТО ПД қызметкерлерінің жұмысын сервистік модельге көшіру мен сервистік полицияны құру аясында іске асырылатын жобалар. Бұл бойынша ТО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков баяндама жасады. Онда полиция полковнигі А.Тастанбеков: «Қызметте және халықпен байланыс кезінде оң нәтижеге, тиімділікке қол жеткізу үшін сервиятік полиция қолдауды қажет етеді. Бірқатар өңірлерде халықааралық және отандық сарапшыларды тарта отырып, полицияның сервистік моделін сынақтан өткізу бойынша «пилоттық жобалар» іске асырылуда. Біздің облысымызда Түркістан қаласындағы Сауран, Яссы мөлтек аудандары пилоттық аумаққа енгізілді. Бүгінде осы аумақтағы халықпен кездесіп, полицияның сервистік моделін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сервистік полицияны енгізу аясында құрылған топ мүшелері қоғамдық көліктерге мініп, халықтың жағдайын бақылауда. Нәтижесінде қоғамдық көлік жүргізушілері халыққа мәдениетті түрде сөйлемейтіндігі, халықты шамадан тыс мінгізетіндігі анықталды. Соның салдарынан қалта ұрлығы көбейген. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады»-деп атап өтті. Кеңесте қаралған екінші мәселе, ІІО жаңғырту мен Мелекет басшысының құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мен қаңтар оқиғасы кезінде полицейлер әрекет етуі жалпы ахуал. Аталмыш тақырыпта ТО ПД Кадр саясаты басқармасының бастығы полиция полковнигі Мақсат Асқаров баяндама жасап: «Бірқатар өңірлерде қаңтардың бірінші онкүндігінде болған оқиғаларды сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы, жүргізілген арнайы операциялардың нәтижелері туралы, сондай-ақ елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі басқа да шаралар туралы ақпараттық сүйемелдеу қамтамасыз етілсін. Резонанстық оқиғалар мен қылмыстарды, төтенше жағдайларды, құқық бұзушылық белгілері бар жарияланымдарды анықтау бойынша БАҚ-ты, интернет-кеңістікті мониторингілеу жұмыстары одан әрі жандандырылсын. Азаматтардың хабарламаларына дер кезінде жедел ден қою қарастырылсын. Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасы шеңберіндегі тапсырмалар толық іске асырылсын. Мемлекеттік тілдің беделін арттыру, оның қолдану аясын кеңейту күшейтілсін»-деген тапсырмалар жүктелді. Қазіргі таңда ТО ПД полицейлері осы бағыттағы жұмыстарды жалғап, халыққа жақын полиция қағидатын қалыптастыруда аянбай қызмет етуде»-деп атап өтті.

ТО ПД баспасөз қызметі