Ата — аналар жиналысы болды

Қазіргі уақытта  қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  құқықтық тәрбиенің маңызы өте үлкен орын алады.

23.09.2022 ж Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде «Отбасы — тәрбие бастауының қайнар көзі» тақырыбында ата — аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты: «Тұлғаны рухани — адамгершілік дамыту мен тәрбиелеу, Рухани-адамгершілік негіздері әр отбасының іргетасының берік болуына ықпал ететінін ұғындыру, жалпыадамзаттық құндылықтарды отбасыда қарастыру мәселесін өзекті ету».

Жиналысты колледжіміздің директоры Н.А.Калиева сөз алып 1 курс студенттерінің ата-аналарын құттықтап, колледждің мамандықтарына жеке-жеке тоқталып, 2022-2023 жаңа оқу жылына қойылатын талаптар, мақсаты мен міндеттері, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері жайлы айтып өтті.

Колледждің ішкі тәртіп ережесі мен сабаққа кері әсер ететін тиым салынған заттарды алып келмеу туралы колледж ішілік ережелермен таныстырылып, түсіндірме жұмысы жүргізілді.

2022-2023 оқу жылында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы. Сонымен қатар білім алушы мен ата-ананың міндеттері, жүктелетін жауапкершілігі де айтылды. «Құқық бұзушылықты алдын алу» бойынша Шымкент қалалық КПД Енбекші аудандық ішкі істер бөлімі инспекторлары түсіндіріп өтті. Жиналысқа қатысқан ата-аналар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Ата — аналар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.

Ntime.kz