Атқарған адал қызметі үшін Түркістандық полицей марапатталды.

Атқарған адал қызметі үшін түркістандық полицей марапатталды. Еліміздің тыныштығын қадағалауда, құқықтық тәртіпті сақтауда полиция қызметкерлерінің жасаған ерлік істері елеусіз қалған емес. Осыған орай Сарыағаш АПБ қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Асқар Уәлиевті марапаттау іс-шарасын ұйымдастырды. Еске сала кетсек осыдан 1 айдан астам уақыт бұрын Асқар Уәлиев рейдтік іс-шара барысында күдіктіні құрықтау кезінде орта дәрежелі дене жарақатын алған болатын. Шара барысында өз жұмысына шын беріліп, адал атқарған қызметін бағалап, полиция капитаны ресми түрде, » Құқық тәртіпті қамтамасыз етуге үлес қосқаны» үшін медальімен марапатталды. Аталған медальді Сарыағаш АПБ бастығы полиция полковнигі Ермек Нуралиев арнайы өзі табыстады.Өз кезегінде полиция қызметкерлері Асқар Уәлиевқа қажымас қайрат пен алдағы еңбек жолына зор табыс тілеп, қошемет көрсетті.

ТО ПД баспасөз қызметі